427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда троллейбустар жүрмей қалды

  • 731
  • UPD: 11:07, 05.11.2019
Алматыда троллейбустар жүрмей қалды

Алматы тұрғындары троллейбустардың жүруіне шағымдана бастады.

Жолаушылардың наразылығына «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдері жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті жолаушылар, №8 подстансадағы желінің зақымдануына байланысты бүгін №11 маршрут бойынша 20 троллейбустың 10-ы, №25 маршрут бойынша 31 троллейбустың 16-сы, №7 маршрут бойынша 27 троллейбустың 14-і, №19 маршрут бойынша 17 троллейбустың 9-ы ғана шығады. Көліктердің арасындағы интервал ұзақ болады», – деп жазды «Алматыэлектротранс» ЖШС Facebook -тегі парақшасында.

Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесінде тоқ кернеуі аз болғандықтан, №9 троллейбус бағдары тоқтатылды. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Хабар 24 телеарнасы