384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында қайықта ескексіз қалып қойған балықшы құтқарылды

  • 186
  • UPD: 11:29, 05.11.2019
Қызылорда облысында қайықта ескексіз қалып қойған балықшы құтқарылды

2019 жылдың қараша айының 3 күні Сырдария ауданының полиция бөлімінің «102» телефон желісіне жоғалған балықшы туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды kyzylorda-news.

Оқиға орнына жеткен Сырдария ауданы полиция бөлімінің инспекторлары балықшыны іздеп, 200 метрдей жерді жүзіп өтті.

Артынша ескексіз қайықта отырған азаматты тапты. Құтқарылған қызылордалық кенеттен жауған нөсер жаңбыр салдарынан Жаңадария каналының ортасында қайықты ағын алып кеткендігін түсіндірген.

Өз кезегінде учаскелік полицейлер қайықты жағаға шығарып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы