429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде тұрғын 92 мың теңгеге түскі ас ішіп, ақшасын төлемей қашып кеткен

  • 620
  • UPD: 16:02, 05.11.2019
Өскеменде тұрғын 92 мың теңгеге түскі ас ішіп, ақшасын төлемей қашып кеткен

Өскемендегі мейрамханалардың бірінде 92 мың теңгенің түскі асын ішкен жігіт ақшасын төлемей қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Өскемен қалалық Полиция департаментінің Ертіс полиция бөліміне 28 жастағы мейрамхана әкімшісі шағымданған.

«Қаладағы мейрамханалардың біріндегі әкімші 12 қазан күні түскі ас ішіп, ақшасын төлемей кеткен қонаққа қатысты шара қолдануымызды сұрады. Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция 26 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін толық мойындады», – делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. Қазіргі уақытта жігіттің үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Хабар 24 телеарнасы