385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының 1200 тұрғынына ел аумағынан шығуға тыйым салынды

  • 165
  • UPD: 22:51, 05.11.2019
Қарағанды облысының 1200 тұрғынына ел аумағынан шығуға тыйым салынды

Тыйым салынғандардың барлығы борышкерлер. Мамандардың айтуынша, бүгінде аймақта алимент, салық, айыппұл, банк қарыздарын төлеуден жалтарып жүргендердің жалпы саны 250 мыңға жеткен.

Тек салық берешегінің өзі 1 миллиард 170 миллион теңгеден асады. Өкінішке қарай, олардың ісі әлі күнге аймақтық сот орындаушылар палатасында жатыр. Сот шешімінің дер кезінде орындалмауына ең әуелі мамандар тапшылығы себеп, - дейді палата өкілдері. Мәселен, Ұлытау, Қарқаралы, Ақтоғай аудандары мен Приозерск қаласында қазір сот орындаушылары мүлдем жоқ. Оның үстіне, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың мәртебесі тең емес. Соңғысының әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыруға құқы жоқ. Оны мемлекеттік сот орындаушыларға жібереді. Ал палатадағы санаулы адам қаптаған істі қарап үлгермейді. Осыдан соң борышкерлер саны өсіп, қарыз өндіру ісі ақсап тұр.

Бүгінге дейін сот шешімін орындамаған борышкерлердің тек 27 проценті жауапқа тартылған. Сондықтан депутаттар ең алдымен заңға өзгеріс енгізу қажет деп отыр. Өйткені Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамда» дәл осы сот орындаушылар жұмысын жетілдіру мәселесі айтылған.  

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Неге сот актілері ұзақ уақыт орындалмай жатады. Оның орындалмауына қандай проблемалар қиындық келтіріп жатыр. Қандай заңнамалық өзгерістер керек немесе қандай ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қажет. Соларды біздің мақсатымыз талқылау, зерттеу және тиісті заңмен реттеу қажет болса, ол заңға өзгерістер енгізу.

Хабар 24 телеарнасы