385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның цемент зауытында 79 адам жұмыстан қысқартылды

  • 123
  • UPD: 00:04, 06.11.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма кентінде цемент зауытының 79 қызметкері жұмыссыз қалды.

Кәсіпорын басшылығы бұл қысқартудың себебін өндірістің жаңа технологияға көшуімен және өнімнің азаюымен байланыстырады. Бірақ мәселеге Алтай ауданының әкімдігі араласып, зауыт басшылығымен кездескен соң, қысқартуға түскен жұмысшылардың бір бөлігі бұрынғы қызмет орнына оралатын болды. Ал зауытқа қайтіп барғысы келмейтіндеріне Бұқтырма кентінен немесе Алтай қаласынан басқа жұмыс қарастырылмақ. 

Нұржан Тоқсейітов, Алтай ауданының әкімі:

- Бүгінгі таңда 11 адам қайтадан жұмысқа алынды. 6 адам зейнеткер. 40 жан 3 мердігерлік компанияға орналастырылатын болды. 22 адам бүгінгі таңда қайтадан жұмысқа қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы