384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жыл соңына дейін 148 көп балалы отбасы баспаналы болады

  • 162
  • UPD: 09:58, 06.11.2019
Ақмола облысында жыл соңына дейін 148 көп балалы отбасы баспаналы болады

Ақмола облысында жыл соңына дейін 148 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл әлеуметтік баспана құрылысына қазынадан 1 млрд 400 млн теңге бөлінген. Жаңа пәтерлер желтоқсан айынан бастап Көкшетау, Степногорск, Макинск, Атбасар қалалары мен Шортанды, Жақсы ауылының тұрғындарына бұйырғалы тұр. Жалпы осы жылы 500 мың шаршы метр үй салу жоспарланған. Бүгінде оның 400 мыңнан астамы, яғни 3 мың 500 пәтер қолданысқа беріліп отыр. Кейбірін несиеге және сатып алу құқығынсыз жалға алуға болады. Айта кетейік, осы өңірде соңғы екі жылда 9 мыңға жуық жанұя «Нұрлы жер» бағдарламасының шарапатын көріпті. 

Марат Әубәкіров, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Көп балалы отбасылар үшін биыл 148, келер жылы да осы шамада баспана беруді күн тәртібіне қойып отырмыз. 2020 жылы да әлеуметтік баспана салуға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуі керек. Осы жұмыстар ендігі кезекте дәстүрлі түрде жалғасатын болады. Жаңа пәтерлердің ішін әрлеу-сылау аяқталуға жақын. Жуық арада қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы