387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да Ұлттық Ұлан қатарында екі жемқорлық қылмыс әшкереленді

  • 142
  • UPD: 10:58, 06.11.2019
БҚО-да Ұлттық Ұлан қатарында екі жемқорлық қылмыс әшкереленді

Соңғы екі жылда Ұлттық Ұлан қатарында 3 коррупциялық қылмыс әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның екеуі Батыс Қазақстан облысында тіркеліпті. Мәселен, былтыр 55/17 әскери бөлімі атқыштар бөлімшесінің командирі Құрбаналиев жұмыс іздеген азаматтан 350 мың теңге алғаны үшін айыпты деп танылған. Ал биыл осы бөлім командирінің орынбасары Омаров пен лейтенант Қыдыров қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерден 300 мың теңге талап еткен. Алғашқысы пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылса, соңғысы 6 млн теңге айыппұл төлемек. Коррупцияға қарсы іс-қимыл департаментінің Оралда өткізген келелі кеңесінде жемқорлықпен күрес мәселесі жан-жақты талқыланды.

Біржан Хайруллин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Біз барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын осы қоғам өкілдерімен бірлесіп өткізуіміз қажет. Өйткені олар тарапынан біз көрмеген мәселелері осы дөңгелек үстел басында айтып, нәтижелі шара қабылданады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, тек қана пара алған әскери қызметкерлер сотталып қана қойған жоқ. Сонымен қатар осы заңсыздыққа жол берген бөлім басшылары тиісті жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы