384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы білім ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің негіздері үйретіледі

  • 181
  • UPD: 14:21, 06.11.2019
Қостанай облысындағы білім ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің негіздері үйретіледі

Қостанай облысында ата-аналар жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің негіздеріне үйренеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы кездесулер 9 қараша күні барлық мектеп пен колледждерде өтеді. Бұл психологиялық қолдау және қосымша білім беру аймақтық орталығының бастамасымен «Отбасылық клуб» жобасы аясында қолға алынып отыр. Сараптама нәтижесі  көрсеткендей суицидтік деректердің 90 проценті бала мен ата-ана арасындағы қиын қарым-қатынас салдарынан туындайды. Сол себепті облыстағы ересек кісілердің психологиялық сауаттылығын арттыру маңызды. Бұл ретте барлық әдістемелік база жасақталған. Оқу құралдары, бейнематериалдар, арнайы жаттығулар да бар. Ата-аналармен кәсіби психологтар жұмыс жүргізеді. Кейде бұл міндеттер мектептер мен колледждердің оқу бөлімі меңгерушілері және директорларына жүктеледі. 

Елена Петренко, психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының директоры: 

– 2016 жылы 17 суицид дерегі тіркелді. Оның сегізі ойға алғандарын орындап тынған. 2017 жылы 43 оқиғаның, 10-ы қайғылы аяқталды. Ал былтыр адамдар 50 рет қол салуға әрекеттенді. 12 дерек адам өліміне әкелді. Демек, көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Бұл біздің облысымызға, бүкіл Қазақстанға, әлемге тән құбылыс  емес.

Хабар 24 телеарнасы