386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьерлікпен күрес қарқынды жүргізілуде

  • 156
  • UPD: 13:21, 06.11.2019
Браконьерлікпен күрес қарқынды жүргізілуде inbusiness.kz

Қазан айында 2 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталған.

«Браконьер» іс-шарасы нәтижесінде анықталған фактілер бойынша 192 адамға қатысты 177 сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды. Оның ішінде жедел іздестіру шаралары кезінде 51 адамға қатысты 47 іс сотқа жіберілді», - деді Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Мақсат Байболов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айтуынша, көбінесе жұмыссыз тұрғындар браконьерлікке жиі барады.

Биыл полиция органдары республика бойынша 10 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтаған.

Жыл басынан бері 5921 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 48 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде 77,7 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, 69,1 млн теңге өндірілген.

Хабар 24 телеарнасы