387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттіктер «Экстремизмсіз Қазақстан» республикалық акциясына үн қосты

  • 108
  • UPD: 16:46, 06.11.2019

Шымкентте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – жастардың бойында экстремистерге қарсы сананы қалыптастыру.  Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған екі күндік оқыту семинарына 100-ге тарта  жас қатысты. Оларға дінтанушы сарапшылар мен блогерлер дәріс оқып, радикалды көзқарастарға қарсы әрекет етудің тың тәсілдерін үйретті.

«Бүгінде ғаламтор әлемдегі террорлық шиеленісті ұлғайтатын тетік», – дейді танымал блогер және медиа-жаттықтырушы Яков Федоров. Ол кездесуде әлеуметтік желілер арқылы жастармен тікелей диалог орнатудың озық үлгісін көрсетті. Оның пайымдауынша әлеуметтік желілердегі деструктивті басылымдар жастарға әсер етпей қоймайды.  Сондықтан Яков оларға әуелі ақпараттардың нақтылығын әрі  дәйекті екендігін тексеруді үйретті. 

Яков Федоров, блогер:

– Кейбір жастар интернетке эмоциямен кіреді. Эмоциямен олар өтірік ақпарат пен шын ақпаратты анықтамайды. Жастарға осы тұрғыда факт чекинг туралы айтамыз. Ол факт тексеру. Яғни ақпараттың қайсысы дұрыс қайсысы бұрыс оны анықтау керек. 

Сарапшылар жастарға террористердің жалған идеологиясына сенген қазақстандықтардың шынайы оқиғаларын баяндады. Елордада қазір осы бағытта сот процесі жүруде. Мұндағы күдіктілер Араб елдеріне өздерінің ұл-қыздары мен әйелдерін алып барып қауіп қатерге бас тіккендер.

Мейрам Иманбаев, дінтанушылар конгресінің сарапшысы:

– Жалпы қазіргі күндегі жастардың дін саласындағы орын алып жатқан процесстерге тенденцияларға қатысты көзқарастары өте сауатты. Ненің қай жақтан шығып жатқанын қандай мәселелер бар екенін барлығын біледі. Бұл өте жақсы.

Жиында сондай-ақ жастарға жалпы қауіп-қатерге қарсы тұру үшін еріктілер қозғалысын қалай құру керектігі де айтылды. Бұл күні «Экстремизмсіз Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Шымкенттіктер оны флеш-мобпен қолдады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов.

Хабар 24 телеарнасы