385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жол апатынан жарақат алған әйел көз жұмды

  • 129
  • UPD: 16:56, 06.11.2019
Қарағандыда жол апатынан жарақат алған әйел көз жұмды

Қарағандыда спирттік ішімдікке тойып алған жүргізуші көлігімен аулада тұрған 5 көлікті соққан уақытта ауыр жарақаттар алған 29 жастағы қала тұрғыны бүгін жан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер 16 күн бойы науқастың өмірін аман алып қалу жолында күресті.

Естеріңізге сала кетейік, «Лексус» автокөлігінің мас жүргізушісі аулада тұрған бес көлікті соғып, тас-талқанын шығарған. Соққыны ең бірінші алған жеңіл көліктегі әйел ауыр жарақаттардан жансақтау бөліміне түскен болатын. Мас жүргізуші сот шешімі бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қайта қаралады деп күтілуде. 

Хабар 24 телеарнасы