384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде браконьерлікке қарсы күрес күшейеді

  • 291
  • UPD: 15:18, 06.11.2019
Елімізде браконьерлікке қарсы күрес күшейеді

Ішкі істер министрлігі браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік автокөліктеріне жарық және дыбыс сигналдары орнатылады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов мәлімдеді. Оның айтуынша, инспекторлардың көлігі өзге де құқық қорғау органдарының арнайы автокөліктерімен қатар белгілі бір түсті графикалық схемалар бойынша боялатын болады. Саладағы өзгерістер арнайы заңнамаға енгізіледі.

Мақсат Байболов, ҚР ІІМ  әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

– Биыл қазан айында ел аумағында браконерлік жедел іс-шарасы өткізілді. Оның нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталып, олар 177 сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 47 істің өндірісі аяқталып сотқа жолданды. Одан өзге 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы