384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда тіс дәрігері қамауға алынды

  • 249
  • UPD: 17:33, 06.11.2019
Ақтауда тіс дәрігері қамауға алынды inform.kz

Қызмет орнында балаға дөрекілік танытқан ақтаулық тіс дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жеткіншек денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірді деген айып тағылып отыр. Енді ол мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен үш тәулікке қоғамнан оқшауланды. 1 қараша күні тісін жұлдыруға келген баланы жұлқылаған ақ халаттының оғаш қылығы әлеуметтік желіге таралған еді. Церебральды сал ауруына шалдыққан ұлын тыныштандыруға туған анасының да шамасы жетпеген. Осыған қарамастан стоматологқа сеніп, сол жерге тастап кетеді. Кейін тынымсыз жылап, ұйқысы нашарлауынан сезіктеніп тіс емдеу кабинетіндегі бейнебақылау камерасын тексерткен. Таспаны көрген бойда полицияға арыз жазады. Арнайы комиссия жүргізген қызметтік тексеруден соң дәрігерге қатаң сөгіс жарияланып, жұмыстан босатылды. Құқық қорқаушылар науқас перзентіне күш көрсеткен әйелдің де жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтуда.

Алтай Қонысов, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

- ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 73/1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралып, аталған құқықбұзушлылық бойынша үш тәулікке қамауға алу жазасы қолданылды. Жаза қолдану барысында Мұхамбетовтың іс-әрекетіндегі ауырлататын және жеңілдететін жайттар ескерілді. Яғни, ауырлататын мән-жайларға кәмелеттік жасқа толмаған емделуші баланың мүгедек екенін біле тұра қатегіздікпен іс-әрекеттер, яғни құқықбұзушылық жасағаны болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын, 1 қарашада дәрігердің баланың тісін жұлу кезінде қатты жұлқылап, оған қатыгездік танытқаны, оның жұмыстан босатылғандығы хабарланған еді.

 

Хабар 24 телеарнасы