384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы проблемалық нысандардың құрылысы 3 жылда аяқталады

  • 174
  • UPD: 17:39, 06.11.2019
Елордадағы проблемалық нысандардың құрылысы 3 жылда аяқталады alashainasy.kz

Алдағы 3-4 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы проблемалық нысандардың құрылысы аяқталады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Бүгінгі таңда 48 проблемалық нысан бар, ол 71 тұрғын үй. 3 нысан пайдалануға енгізіліп, тағы 7 нысан биыл жылдың аяғына дейін енгізу жоспарлануда», - деді Алтынбек Қайсағалиев.

Ал 19 нысанның құрылысы үлескерлер мен инвесторларды тарту жолымен жүзеге асырылуда. 29 ерекше проблемалық нысан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүргізілмек.

«Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан 40 млрд теңге көөзделіп отыр. «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС 6 млрд теңгені игерді және биыл 14 млрд теңгені игеруді жоспарлап отыр», - деді А.Қайсағалиев.

Айтуынша, қалған 20 млрд теңге 2020 жылдың бірінші жартысында игеріледі.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы