427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросында қоғамдық қабылдау өтті

  • 826
  • UPD: 20:05, 06.11.2019
«Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросында қоғамдық қабылдау өтті

Термин сөздер жалпыға түсінікті, қолдануға ыңғайлы болуы керек.

Әсіресе, халықаралық терминдер қазақ тілінің құрылымы мен бірегейлігін бұзбағаны дұрыс. «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі өткізген қоғамдық қабылдауда тілжанашылары осындай мәселе көтерді.

Нақты мысалдар келтіріп, өз ұсыныстарын айтты. Енді бұл мәселе республикалық терминологиялық комиссияның қарауына ұсынылады. Бұдан бөлек, танылмай жүрген ақындардың өлеңдерін жарыққа шығарып, жинақ басу мәселесі де көтерілді. Дархан Қыдырәлі бұл ұсынысты Мәдениет және спорт министрлігіне жолдайтынын жеткізді.

Дархан Қыдырәлі, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі:

- Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар көбінесе қазақтың тілі, мәдениеті, руханиятына байланысты мәселелер көтеріп келіп отыр. Соның ішінде термин жасау. Сөздердің дұрыс қолданбауы. Біз енді азаматтардың талап-тілектерін тыңдадық. Тиісті министрліктер мен мекемелерге жолдаймыз. Ешқандай талап, ұсыныс жауапсыз қалмайды. Министрлік жауап береді ғой деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы