428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд долларды еңсерді

  • 598
  • UPD: 21:58, 06.11.2019
Елімізде агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд долларды еңсерді

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен өткен сарапшылық кеңес отырысында еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі сөз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, халық бір жылда тұтынатын азық-түліктің 80%-і ел ішінде өндірілсе, онда мемлекет өз-өзін қажетті өніммен қамтамасыз ете алады деп саналады. Өткен жылы ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету көрсеткіші 80%-ке жеткен. Дегенмен, кей тауар түрлерінің отандық үлесі әлі де аз.

Олар – құс еті, балық, қант және шұжық өнімдері.

Айта кетейік, біздің өнімдер сырт нарықтарда да үлкен сұранысқа ие. Айталық, агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты бүгінде 3 млрд долларды еңсерген.

Хабар 24 телеарнасы