388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының барлық ауданында «Қыс-2019» оқу-жаттығуы өтті

  • 97
  • UPD: 22:40, 06.11.2019
Алматы облысының барлық ауданында «Қыс-2019» оқу-жаттығуы өтті

«Қыс-2019» шарасы Алматы облысының да барлық ауданында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 2,5 мың маман, 920 техника жұмылдырылды. Тактикалық жиында азаматтық қорғаныс саласындағы құрылымдардың дайындығы пысықталды. Бірлесе жұмыс істеуі, жылдам әрекет етуі сараланды. Ал, Талдықорғандағы оқу-жаттығу «Басқуат» қазандығында өтті. Ондағы сценарий бойынша жылу пештерінің бірі өртеніп істен шығады. Оқиға орнына дереу құтқарушылар келіп, бірнеше адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Жайдарлы Құдайбергенов, облыстық ТЖД және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

- Жалпы бұл тактикалық сабаққа 14 автокөлік пен 50-ге жуық адам қатысты. Бүгінгі өткізіліп жатқан сабақтың мақсаты – осы нысанның әкімшілігі мен жұмысшыларының және біздің арамыздағы іс әрекеттерді пысықтау болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы