384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауылдағы фермерлік шаруашылықтардың төрттен бір бөлігін әйелдер басқарады

  • 218
  • UPD: 09:35, 07.11.2019
Ауылдағы фермерлік шаруашылықтардың төрттен бір бөлігін әйелдер басқарады

Еліміздегі 18 миллионнан астам адамның тең жартысы әйелдер. Оның 4 миллионы ауылды жерлерде тұрады. Олар  қоғамның түрлі саласында табысты еңбек етіп жүр. 

Атап айтсақ, нәзік жандылардың басым бөлігі білім мен емдеу мекемелерінде қызмет етеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл санап өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің де саны артып келеді. Мәселен, елді мекендердегі шаруашылықтар мен фермерлік қожалықтардың 25 процентін осы нәзік жандар басқарады. Ал қалада  орта және шағын бизнес субъектілерінің 35 проценті әйелдердің еншісінде.  Айта кететін тағы бір жайт, ауылда қалаға қарағанда ажырасу деңгейі де төмен деген дерек бар.

Хабар 24 телеарнасы