384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта полиция ереуілшілерге қарсы қару қолданды

  • 142
  • UPD: 08:45, 07.11.2019
Иракта полиция ереуілшілерге қарсы қару қолданды

Бағдад полициясы қаланың орталық алаңына жиналған наразы жұртқа қарсы қару қолданды.

Тәртіп сақшыларының мәлімдемесіне сай, олар ескерту жасап ауаға оқ атқан. Және одан бірде-бір демонстрант зардап шекпеген. Алайда, медицина саласы мамандарының айтуынша, резеңке оқ пен көз жасаурататын газдан 27 адам жарақат алыпты. Айта кетейік, Иракта 1 қазанда басталған жаппай ереуіл әлі басылар емес. Халық жұмыссыздық деңгейінің артып, мемлекеттік органдарда жемқорлықтың өршуіне наразылық білдіріп келеді. Көп жағдайда шеру соңы полицейлермен қақтығысқа ұласып жатыр. Салдарынан бір ай ішінде 260 адам қаза тапқан. Тағы 12 мыңдай тұрғын жарақат алды. 

Хабар 24 телеарнасы