385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда көп балалы ана төрт балабақша ашқан

  • 136
  • UPD: 10:10, 07.11.2019

Қарағанды қаласында 7 баланың анасы бір емес, бірнеше балабақша ашып, өз ісін табыс көзіне айналдырған. Әр бөбекжайда өнер мектебі мен бақытты ата-аналар академиясы үйлестірілген. Көпбалалы кәсіпкер алдағы уақытта мектепке дейінгі мекемелерді батыс елдеріндегі үлгімен дамытуды көздеп отыр.

Айнагүл Хамитованың балабақша ашып, кәсіпкерлікпен айналасуда кездейсоқ емес, бұл идея оның бесінші баласы дүниеге келгенде пайда болыпты. Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы өз ісін ашқысы келгендерге үлкен мүмкіндік екенін түсініп, қажетті құжаттарды жинаған. Қазір кәсіпкер бірнеше балабақша ашып, онда 850 бала тәлім тәрбие алуда.

Айнагүл Хабитова, кәсіпкер:

-Балабақша бизнесін оңай деп айта алмаймын, бірақ мемлекеттік қолдауы бар мемлекеттік жеке серіктестік деп айтады. Соның аясында мемлекеттік тапсырыстар алдық,солайша төрт жылдың ішінде 4 балабақша аштық. Тіршілігіңді ұйымдастыра білсең  онда барлық жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.

Тілші.Балабақша қаладағы ең алдыңғы қатарлы бөбекжайлардың қатарында. Мұнда жоғары дәрежелі педагогтар,хореограф пен музыка мамандары балалармен күнделікті сабақтарын жүргізеді. Ал домбыра үйірмесіне үш жастан бастап әр бала міндетті түрде қатысады екен.

Құрманғазы Ибескенов; ата-ана:

- Бұл балабақшаны таңдағаным көп балабақшаға бардық, немереме ұнағаны осы. 00.49-00.59 сөйлемей келген екі жыл бұрын енді қазір сөйлейді, ағылшында сөйлейді соның барлығына үйретеді, футбол ойнайды.

Тілші.Балабақшаның негізгі ұстанымы ана-атамен баланың бірлігі дейді мамандар. Түрлі іс шараларға ата-аналарда бірдей ат салысады. Сонымен қатар балабақшада қосымша білімді дамытуға да көп көңіл бөлінеді.

Ақмарал Мақұлбекова; балабақша Директоры:

- Бізде дарынды ана, әке деген екі үлкен бағыт жұмыс істейді. Дарынды аналарға форум өтті, биыл тағы көп жоспарларымыз бар. Яғни осы балабақшаның негізін қалаушылар өзінің балаларын тәрбиелей отырып, көшбасшы ретінде ата-ананыда баланыда тәрбиелесе деген ұстаным мақсат қойған. ))

«Алтын алқа» орденінің иегері Айнагүл Хамитова екі ұл мен 5 қыз тәрбиелеп отыр. Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Мамандығы инженер болғандықтан, алдағы уақыттарда бірегей мектепке дейінгі мекемелердің құрылысымен айналысуды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы