384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда нәзік жандылар көбіне аграрлық секторда жұмыс істейді

  • 214
  • UPD: 10:12, 07.11.2019

Әзербайжанда әйелдерді қолдауға бағытталған арнайы жоба іске асты. Мақсат ауылдағы қыз-келіншектерді бизнеске булып, қажетті білім алуға көмектесу. Елде ауылшаруашылық саласы жақсы дамыған. Сондықтан нәзік жандылар көбіне аграрлық секторда жұмыс істейді. 

Сарапшылардың пікірінше, аграрлық секторда әйелдер үшін ең басты мәселе ерлерден дәрежелерінің төмендігі. Ескіден жалғасып келе жатқан әдет оларға бизнес саласында жаңа мамандықты игеруге шектеу қоюда. Әзірбайжанның жаңа стратегиясы қалыптасқан жағдайды жақсартуға мүмкүндік береді. Бұл бастама БҰҰ-ның бағдарламасы аясында әзірленген. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, ауыл-шаруашылығында әйелдердің үлесі – 21 процентті құрайды. Көбісі қарапайым жұмыспен айналысады. 

Фидан Алыева, жоба үйлестірушісі:

-Біз жобаға қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастадық. Қараша айының екінші жартысында осы салада жұмыс істеп жүрген әйелдердің мүмкіндіктерін, тілектерін білу үшін өңірлерде кездесулер ұйымдастырамыз. Жоба 2 жылда іске асуы тиіс. Оның барысында тренингтер, ақыл-кеңестер өтікізіліп, техникалық қолдау көрсетіледі. Біз оларға бизнес жүргізу, маркетинг, қаржылық істер мәселелерін шешуде көмек көрсетеміз. Осының барлығы тегін жүргізіледі.

32 жыл бойы мұғалім болған Рафтара Шюкурова – қазір жеке бизнесін ашқан әйелдердің бірі. Ол өзінің шаруашылығын ашқан. 15 гектар жерге киви, фейхоа және апельсин жемістерін өсіреді. 

Рафтара Шюкурова, фермер:

- Соңғы бес жылда фермерлік жұмыспен айналысып жатырмын. Менен аграрлық секторда әйелге жұмыс істеуге қиын емес пе деп жиі сұрайды. Менің ойымша, өз ісінді сүйіп істесең, ешнәрсенің қиындығы жоқ. Бұрын тәжірибем аз болды. Өзім жіберген қателіктеріме қарап үйрендім. Қазір өңірдегі ең ірі шаруашылықтың біріміз. Біз цитрустармен қатар, олардан жасалған сусындарды, қалбырға салынған өнімдер мен маринадтарды нарыққа шығарамыз. 

Ауылшаруашылығы саласында еңбектеніп жүрген әйелдерге осы жоба аясында әртүрлі  техникалық жабдықтар көмекке беріледі. Қазіргі уақытта бал арасын өсіру, мал шаруашылығы мен егіншілік салаға қатысты 228 өтінім түскен.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

 

Хабар 24 телеарнасы