385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның қай өңірінде күнкөріс деңгейі жоғары

  • 128
  • UPD: 10:04, 07.11.2019
Қазақстанның қай өңірінде күнкөріс деңгейі жоғары

Бір жылда Қазақстанда күнкөріс деңгейі 12,4 пайызға өсіп, 39 500 теңгеге жетті, деп хабарлады tengrinews.kz  сайты Finprom.kz сілтеме жасап.

Зерттеу мәліметтеріне қарағанда күнкөріс деңгейі ең жоғары өңір – Маңғыстау облысы (39 500 теңге), ал ең төмен – Павлодар облысы (28 300 теңге).

«Биыл қазанда еліміздегі күнкөріс деңгейі орташа есеппен 32 200 теңге болды, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 12, 4 пайызға артық. Сондай-ақ күнкөріс деңгейі жоғары өңірлердің бестігіне Нұр-Сұлтан  (37 200 теңге) мен  Алматы (35 500 теңге), Алматы облысы (32 300 теңге) және Атырау облысы (32 300 теңге)кіреді», - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Ал күнкөріс деңгейі төмен қалалардың қатарында Павлодар (28 300 теңге), Батыс Қазақстан облысы (28 900 теңге) және Қызылорда облысы (29 400 теңге) бар.

Хабар 24 телеарнасы