387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне жаңа баспана беріледі

  • 389
  • UPD: 11:41, 07.11.2019
«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне жаңа баспана беріледі informburo.kz

Аталған тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Территория комфорта-1» тұрғын үйінің 500-ден астам үлескері бар. Бүгінде сүру жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін толық бұзылады. Содан соң сол жерде үй қайта салынып, үлескерлерге беріледі. Дегенмен кейбір үлескерлер тұрғын үйдің салынуын күтпей, басқа жерден үй беруді талап етуде. Бірақ тиісті шешім қабылданды, үлескерлер үйді сол жерден алатын болады», – деді қала әкімінің орынбасары А.Қайсағалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол тұрғын үй кешенінің құрылысы қашан басталатын да айта кетті.

«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің құрылысын 2 жыл көлемінде аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың қаңтар, ақпан айларында басталады», – деді.

Хабар 24 телеарнасы