375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы орталықта 30 нәрестеге аса күрделі операция жасалды

  • 267
  • UPD: 14:12, 07.11.2019

Биыл ғана ашылған Талдықорғандағы хирургия және неонатология орталығы 30 нәрестеге аса күрделі операция жасады. Соның есебінен өңірдегі сәби өлімі 1 жарым есе азайған. Емделіп, ауруынан айыққандардың қатарында туа сала хирургиялық көмек көрсетілген шақалақтар да бар.

Отбасының көз қуанышына айналған Мейірім қазір ойыншықпен ойнайды. Ата-анасын тәтті қылықтарымен тамсандырып, тәй-тәй басуға да  талпынып жүр. Тоғыз айлық нәрестеге туа сала операция жасалған болатын. Неонаталогиялық орталық дәрігерлері шақалақтың бауырындағы жылауығын алған еді. 

Асида Длимбетова, қала тұрғыны: 

- Туған кезде жүрегі ғана жұмыс жасап тұрды. Қалған бүйрек, бауыры 1 процент қара жұмыс істеп тұрды деп айтылды. Біздің дәрігерлердің арқасында скл. қазір жағдайымыз жақсы. Жүреміз ақырындап. Сегіз тісіміз бар. Развитиямыз өте жақсы.  

Баян Қожахметованың қызына да осы жерде хирургиялық көмек көрсетілді. Білікті дәрігерлердің көмегімен барлығы ойдағыдай өтті. 

Баян Қожахметова, Панфилов ауданының тұрғыны: 

- Эхинококк диагнозымен түскенбіз. Қызымның жағдайы өте ауыр болып келгенбіз. Бір жеті дайындап, бір жетіден кейін операция жасап, Құдайға тәубә. Операциямыз сәтті. Қызым жақсы қазір. 

Жыл басынан бері орталық дәрігерлері осындай 1300-ден астам баланы емдеді. Күйік шалған, сан түрлі жарақат алғандарды жазып,   отбасымен қауыштырған. Ал, үш ай бұрын мекеме жас маманмен толығып,  урология бойынша да қызмет көрсете бастады.     

Ертай Ерболғанов, балалар хирургі: 

- Осында келгелі жасаған күрделі ота бүйрек тасымен ауыратын бала. Оң жақ бүйрегінде тас тұрған. Зәр шығаруына қиындық тудырған және инфекция тудырған. Тасы үлкен болды. Сондықтан ота жасауға шешім қабылдадық. Қазір баланың жағдайы жақсы.  

Шыңғыс Қалиден, тілші: 

- Орталық ашылғалы бері бұнда мыңнан аса балаға операция жасалды. Соның 86-сы бір жасқа толмаған бүлдіршін. Сала мамандары егер мекеме компютерлік томография мен МРТ қондырғыларымен жабдықталса дәрігерлердің мүмкіндігі артып, қызмет сапасы жақсаратын еді деп отыр.

Марат Досқалиев, облыстық көп салалы балалар ауруханасының директоры: 

- Үлкен адам жарты сағат сөйлессеңіз барлығын айтып береді. Жаңа туған баланы аппаратпен зерттемесе біз дұрыс диагнозқ қоя алмаймыз.  Дұрыс диагноз қоймаса дұрыс ем болмайды. КТ аппарат деген 60-70 пайыз дұрыс диагноз қойып береді. Көп салалы қалалық ауруханаға балаларды компьютерге түсіру үшін апарып жатырмыз. Өзімізде болса, баланы ары бері жүрмей қауіп тимеуші еді.  

Орталықтағы өзекті проблема бұл ғана емес. Мекемедегі 46 дәрігерлік штаттың 28-інде ғана жоғары білімі бар маман жұмыс істеп жатыр. Аса қажет деген неонатолог, анестезиолог, хирургтарды қызметке тарту үшін оларға үй беру керек.Баспана мәселесі шешілмесе, кадр тапшылығы басы ашық күйінде қала бермек. 

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы