388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қалааралық тасымал түйткілінің түйіні шешілмей тұр

  • 92
  • UPD: 14:10, 07.11.2019
Павлодарда қалааралық тасымал түйткілінің түйіні шешілмей тұр

Ертіс өңірінде «Қарағанды-Павлодар» бағытында жолаушы тасымалдайтын ұйымдар арасындағы текетірес тыйылмай тұр.

Десе де, бұдан былай жолаушылар зардап шекпеуі тиіс. Бұл туралы арнайы баспасөз-мәслихатында жауапты орган мамандары мәлімдеді. Шараға сонымен қатар бір тасымалдаушының құқығын қорғайтын қауымдастық өкілдері де шақырылды. Ал екінші тарап мүшелікке енген үкіметтік емес ұйымның пікірі тыңдалмай қалды. Бұған дейін екі тасымалдаушы арасында түсінбеушілік туындап, салдарынан бір топ азамат діттеген жеріне кешігіп барған еді. Тексеріс барысында жергілікті тасымалдаушының тиісті құжаттары болмай, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тәртіп сақшылары арнайы рейд өткізіп, заңсыз қызмет көрсеткен тарапты да анықтады. Енді тиісті шара қолданылмақ. Бірақ, жергілікті автовокзалға қарасты тасымалдаушы ұйым мамандары жолаушыларды тасымалдау ережелері негізінде жұмыс істегендерін айтып, жоғарғы сотқа жүгінетіндерін жеткізді. Еске салсақ, қазан айының соңында бір тасымалдаушы екіншісінің жолын жауып, салдарынан қалалық автовокзал маңында көлік кептелісі туындады. Салдарынан қоғамдық көліктер бірнеше сағатқа жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. 

Диана Мұқанова, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: 

- Жолаушы және жүк тасымалы ережелеріне сәйкес бағытарға қызмет көрсетуді жергілікті атқарушы органдар өткізеді. Ал комиссия шешім қабылдайды. Қарағанды-Павлодар бағытына қызмет көрсету конкурсы былтырғы жылдың қыркүйегінде өттІ. Екі тасымалдаушы қатысты. Алайда шешімге байланысты екінші тасымалдаушы ұйым сотқа шағымданды. Нәтижесінде біздің тараптың әрекеті заңды деп танылды. 

Қайрат Мусин, жүк және жолаушы тасымалдаушыларының аймақтық қауымдастық президенті: 

- Бұл тұрғыда біздің пікіріміз ескерілмей-еленбей жатыр. Біз жолаушылар тасымалы ережелеріне сәйкес қосымша тасымалдаушы ретінде жұмыс істедік. Қолымызда Қарағанды автококзалымен жасалған келісімшарт бар. Бірақ әкімшілік жауапкершілікке тартылдық. Хаттама әкімшілік кодекстің әртүрлі нормалармен. Бұл шешіммен келіспейміз.

Хабар 24 телеарнасы