388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы үш жылда Украина Қазақстанға 6 қылмыскерді ұстап берді

  • 86
  • UPD: 15:57, 07.11.2019

Сенаторлар Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялады. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, соңғы үш жылда Украина Қазақстанға алты қылмыскерді ұстап берген.

Қазір осы елде іздеуде жүрген тағы алты адам бар. Енді оларды елімізге әкелу туралы мәселе қаралуда. «Келісімге сәйкес экстрадиция екі елде жасаған қылмысы үшін кемінде 1 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған болса немесе сотталған адамның жазасын өтеу мерзімі 6-10 айдан асса жүзеге асырылады» дейді Марат Ахметжанов. Елдің тәуелсіздігіне, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жағдайларда ұстап беруден бас тарту жайы да қарастырылған. Ресми статистика бойынша қазір 2600-ге жуық азамат іздеуде жүр. Олардың арасында 1,5 мыңнан астамы мемлекетаралық, ал 1200-і халықаралық іздеуде екен. 

Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:

- Бүгінгі таңда екі ел арасында бұл мәселе Минск конвенциясымен реттелуде. Конвенция екіжақты шарт жасауға тыйым салмайды. Осы тектес құжаттар 21 елмен бекітілген.

Хабар 24 телеарнасы