385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында бір тәулікте 32 жол апаты тіркелді

  • 134
  • UPD: 15:28, 07.11.2019
Қарағанды облысында бір тәулікте 32 жол апаты тіркелді

Қарағанды қаласында тек бір тәулік ішінде 32 жол апаты болды. Бұған күн райының күрт бұзылуы себеп.

Түнде қалың жауған қардан жол көк мұзға айналып, соғылған көліктер көбейген. Осындай жол апаттарынан 6 адам зардап шекті. Оның 5-уі ауруханаға жеткізілсе, 1 адам амбулаторлық ем алып жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді. 

Владимир Ерлинг, автомеханик: 

- Кезек көп. Кейбірі жазылып кетіп, түнде келеді. Білуімше, қазір қаладағы жүргізушілердің шамамен 60 проценті көлік доңғалақтарын ауыстырып үлгерді. Алайда күн құбылып тұрған соң, көпшілігі қысқы доңғалақ салуға асығар емес. Соның салдарынан жол апаттары болып жатады. Себебі күндіз ерігенмен, түнде қатып қалады, жол көк мұз болады.

Хабар 24 телеарнасы