384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС: елордалықтардың жарнасы 27 млрд теңгеден асты

  • 223
  • UPD: 09:52, 08.11.2019
МӘМС: елордалықтардың жарнасы 27 млрд теңгеден асты

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 қазаны аралығындағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 27 млрд теңгеден асады.

Бұл туралы Елорда Инфо «Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, Нұр-Сұлтан қаласы медициналық сақтандыру аударымдары бойынша Алматы қаласынан кейін екінші орында келеді, ал үшінші орында – Қарағанды облысы.

«Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер әдеттегідей белсенді атсалысуда. Олар қазан айында 1, 136 млрд теңгеден астам жарна аударған. Медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 1,134 млрд теңгеге жуығы жұмыс берушілерге тиесілі, ал 2,5 млн теңге – жеке кәсіпкерлерден түскен жарналар», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түкен барлық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы, Ұлттық банкпен арада жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады. 2020 жылдан бастап бұл қаражат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы