384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда 288 студент жаңа жатақханаға қоныстанады

  • 259
  • UPD: 19:47, 07.11.2019
Талдықорғанда 288 студент жаңа жатақханаға қоныстанады

Талдықорғандық 280-нен аса студент жаңа жатақханаға қоныстанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада студенттер үйі салынып жатыр. Жазда басталған құрылыс жұмыстарының бүгінгі күні 80 проценті аяқталған. Қазір нысанның іші әрленіп, сыртқы қаптамалары бекітілуде. Ғимараттың бірінші қабатында кітапхана, асхана және компьютерлік кабинет болса, жоғарыда студенттер тұрады. Әр бөлмеге жеке жуынатын орын қарастырылған. Мекеменің 13-қабатынан қала көркін тамашалауға болады. Айта кетейік, Алматы облысындағы 9 оқу орнында білім алатын 2 мыңға жуық студентке жатақхана қажет. Мәселені шешу үшін жергілікті билік 10 жер учаскесін бөлген. 

Дәурен Тұрғанбаев, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл жерде сейсмикалық нығайту жұмыстары толық атқарылды. Бұл жерге жергілікті бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы