388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

  • 135
  • UPD: 22:23, 07.11.2019

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен оның еншілес компаниялары 1 қаңтардан бастап сатып алу жүйесінің жаңа моделіне көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы 2019 жылы атқарылған жұмысты қорытындылаған қор өкілдері мәлімдеді.

Сонымен компаниямен жұмыс істейтін бизнес субьектілерін қандай жаңалықтар күтіп тұр? Жаңа жүйенің ерекшеліктері қандай?

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қазіргі сатып алу жүйесі әлеуетті жеткізушілерді ашық және жария түрде таңдап алуды толығымен меңгерді. Сонымен қатар жаңа модельдің артықшылығы – тауарларды сатып алуды жоспарлаудан бастап, тапсырыс берушімен әлеуетті жеткізуші арасындағы сатып алу шартын жасасу және оның орындалуын бақылаумен қатар, тауарлардың қоймада сақталу тәртібін қарастырады. 

Қайнар Әділбеков, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ сатып алу әдіснамасы бойынша аға менеджер:

– Бұл жаңа нысан сатып алуды жоспарлаудан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қадағалау тәртіптерін бекітеді. Ең басты мәселе – қаржы көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа тәртіпке сай қорға кіретін әрбір портфельдік компанияның салалық ерекшеліктері ескерілмек. Оған қатысты жаңа сатып алу стандартына сәйкес арнайы ережелер даярланып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-пен келісіліп, толығымен бақыланады.

Айбек Мұқашев, «Самұрық-Қазына» контракт» ЖШС компаниясының өкілі:

– Өнім берушілердің біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу процесі де біраз оңтайландырылды. Яғни бірнеше анықтамалар, анкеталар, сұрақтар қысқартылды. Сонымен қатар берілетін балдар сомасы қысқартылып, бизнес өкілдері үшін оңай процеске айналып жатыр.

Тағы бір өзекті мәселе, импорттық тауарлар тізімінен Қазақстанда жасауға болатын өнімдер іріктеліп алынбақ. Осылайша отандық кәсіпкерлер нарықта сұранысқа ие бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ғани Алшымбаев

Хабар 24 телеарнасы