385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 1500-ден астам жұмыс маманы жетіспейді

  • 101
Қарағанды облысында 1500-ден астам жұмыс маманы жетіспейді

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы 4,5 мың кәсіпорын бойынша сауалнама жүргізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесі осы. Жұмысшы әсіресе машина жасау зауытында тапшы. Ол зауытта 700-ден астам өндіріс бар. Олардың әрқайсысына жонушы, фрезерші, инженер-құрастырушылар қажет.

Айта кету керек, аймақ колледждері биыл 3 мыңнан астам маман дайындаған. Дегенмен кадр тапшылығы – әлі де өзекті мәселенің бірі. Бұл проблеманы шешу жолында аймақтағы ірі өндіріс ошақтары да 35 оқу орталығын құрып, 2000-ға жуық маман дайындады. Жыл соңына дейін тағы 10 оқу орталығы ашылады.

Геннадий Копяк, машина жасау саласын дамыту комитетінің төрағасы:

– Біз кәсіптік бағдар бойынша 9,10,11-сынып оқушылары арасында, сонымен қатар колледжге жаңа түскен студенттер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Басты мақсат – оқушыларды жұмыс мамандықтарына тарту. Оларды өндіріс ошақтарына экскурсияға шақырып, өнімнің қалай жасалатынын, құрылғыларды дұрыс қолдану жолдарын үйретеміз. Қызығушылық танытқандар екі үш жылдан кейін келіп, жақсы маман болып жатады.

Хабар 24 телеарнасы