385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан жаңа телехикая көрерменге жол тартады

  • 282
«Хабар» арнасынан жаңа телехикая көрерменге жол тартады

Алматыда «Армандастар» деп аталған жаңа телехикаяның алғашқы көрсетілімі болды.

Тың туындыны бұған дейін көпшіліктің көзайымына айналған «Келінжан», «Тракторшының махaббаты», «Қарлығаш ұя салғанда» сериалдарының авторы Гүлнұр Мамасарипова ұсынып отыр. «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген фильм бір кездері ауылдан арман қуып қалаға кеткен жастар туралы. Орындалмаған армандар, айтылмаған сырлар, баянсыз махаббат және адасқан тағдырлар. Бұл – 20 жылдан кейін кездескен сыныптастардың бастан кешкен оқиғалары. 25 сериядан тұратын телехикаяда комедия да, драма да, романтика да бар, дейді жоба авторлары. Еліміздің танымал актерлерінің қатысуымен түсірілген телехикая «Хабар» арнасынан қарашаның 11-нен бастап көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы