386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда заманауи құрылғылармен жабдықталған күндізгі стационар ашылды

  • 107
  • UPD: 09:50, 08.11.2019
Қарағандыда заманауи құрылғылармен жабдықталған күндізгі стационар ашылды

Қарағанды қаласында заманауи құрылғылармен жабдықталған күндізгі стационар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл медициналық мекеме күніне 50 ден астам адам қабылдауға қауқарлы. Стационар қала орталығында орналасқандықтан мұнда учаске бойынша тіркелген адам саны 8 мыңнан асып түседі. Сонымен қатар жаңа нысанда әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топқа жататын азаматтарға медициналық қызмет көрсетілетін болады. Сондай ақ мекеме жүрек-қан тамырлары ауруларын, неврологиялық және эндокринологиялық патологияларды емдеуге бағытталған. Сонымен қатар емханада созылмалы және жұқпалы аурулармен жолданған науқастарға шаралар қабылданады. Ал қозғалысы шектеулі тұрғындарға арнайы жабдықталған бөлмелер қарастырылған.

Татьяна Баширова, қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының директоры:

- Мұнда бірнеше жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдау жүргізетін болады. Сонымен қатар қан талдаулары жасалынады, амбулаторлық ем алып жүрген науқастарға жоспарлы егу шаралары жүргізіледі. Стационар екі кезекпен жұмыс жасайды. Халықты білікті мамандар қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы