389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан мен Доха арасында ұшақтар қатынайды

  • 223
  • UPD: 12:26, 08.11.2019
Желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан мен Доха арасында ұшақтар қатынайды

Бүгін, 8 қарашада Дохада (Катар) Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекетінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Келіссөздер нәтижесінде Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына 7 рейс, Алматы мен Доха арасында аптасына 7 жолаушы және 7 жүк рейсі, сондай-ақ Қазақстанда енгізілген 5-ші «әуе еркіндігін» ұсынатын «ашық аспан» тәртібі аясында тұрақты рейсті орындау үшін құқықтық база бекітілді», - делінген хабарламада.

«Qatar Airways» әуекомпаниясының аға вице-президенті Фатхи Атти мырзаның ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы рейстерді биылғы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл қазақстандық жолаушыларға әлемнің 160 бағыты бойынша саяхаттауға мүмкіндік береді.

Қазақстанға қандай жаңа әуе бағыттары ашылады?

Хабар 24 телеарнасы