387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қылмыстық-атқару жүйесінің бірқатар қызметкері жемқорлық күдігіне ілінді

  • 113
  • UPD: 11:58, 08.11.2019

Еліміздің бірқатар аймағында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдіктері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сонымен, Ақмола облысында тергеу жолымен анықталған EЦ-166/18 мекемесі бастығының тәртіптік-жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет майорының сотталған адамға қамқорлық және қолайлы жағдай жасау үшін азаматтан 400 мың теңге көлемінде пара алу фактісі (Qiwi электронды әмиянына аудару арқылы) тексерілуде.

Қарағанды қаласында облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен бірге АК-159/1 мекемесінің бақылаушысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен әшкереленді.

Ол 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін сотталушыға марихуана және ұялы телефон өткізу арқылы өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Күдіктілердің өз кінәсін мойындауына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оларға қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Ақпарат көзі: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Хабар 24 телеарнасы