384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаарқа ауданында көп балалы 15 отбасы баспаналы болды

  • 218
  • UPD: 12:44, 08.11.2019
Жаңаарқа ауданында көп балалы 15 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында көп балалы 15 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзақ жыл үй кезегін күткен мұқтаж жандардың барлығына қуықтай пәтер емес, ауласында қора-қопсы мен бау-бақшасы бар зәулім үйлер бұйырды. Соның бірі – Тишмағанбетовтер отбасы. Енді 7 баласы бар жанұя 4 бөлмелі шаңырақта тұрады. Үйдің үлкені Жандостың жоспары көп.

Айта кету керек, қазір елді мекенде 7 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 700 миллион теңге бөлінген. Жыл соңына дейін екеуі тапсырылады. Қазіргі күні аудан бойынша 800 адам үй кезегінде тұрса, соның 80-і көп балалы отбасы екен. Бірінші кезекте солар қамтылмақ. Сондай-ақ үй кезегін азайту үшін тұрғындарға ауыл маңынан жер учаскесі де үлестіріліп жатыр. Тек биылдың өзінде инфрақұрылымы реттелген іргедегі алаңда 100 үй салынбақ.

Жандос Базарбай, Жаңаарқа селосының тұрғыны:

Менің арманым осы үй болған. Алып берді, енді әрі қарай малды көбейтіп, егін ексек деп армандаймын. Алдында пәтер жалдап тұрдық. Жері үлкен болып, жер үй алсақ деп армандадым, арманым орындалды. Әр бөлмені бөліп аламыз. Ұлдарға бөлек, қыздарға бөлек қылып.

Хабар 24 телеарнасы