418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы «Жағалау-4» тұрғын үй кешені 2021 жылы қолданысқа беріледі

  • 549
  • UPD: 12:56, 08.11.2019
Елордадағы «Жағалау-4» тұрғын үй кешені 2021 жылы қолданысқа беріледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қаладағы Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

«Жағалау-4» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталуы керек еді, алайда құрылыс жұмыстары тек осы жылы ғана басталды. Тұрғын үй кешені «Елорда құрылыс компаниясының» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынуда. Үлескерлердің саны - 262 адам.

Үйді 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Елорда әкімі барған екінші нысан «Жағалау-3» (30 блок) тұрғын үй кешені болды. Мұнда үйді инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр, жылу және сумен жабдықтау, жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан (76 үй) бар. Биылғы жылы қала әкімдігі 3 тұрғын үй кешенін (5 үй) пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізді.

Жыл соңына дейін тағы 7 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.  

Хабар 24 телеарнасы