384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өмір үшін күресте әр теңге маңызды – Аружан Саин

  • 184
  • UPD: 13:49, 08.11.2019
Өмір үшін күресте әр теңге маңызды – Аружан Саин

Биыл түрлі дертке шалдыққан 200-ден аса бала уәкілетті өкіл Аружан Саинға көмек сұрап, хабарласқан.

Олардың еміне қомақты қаражат керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалардың өмірін сақтап қалуға ірі кәсіпкерлер мен қарапайым қазақстандықтар үн қосуда. Балалар құқығы бойынша уәкілетті өкілдің айтуынша, өмір үшін күресте әр теңге маңызды.

Айта кетейік, қоғамдық қордың арқасында 13 жылда бір жарым мыңнан аса бала дертінен айыққан.

Дәрігерлер Райян Қалдыбаевқа 7 айында мукополисахаридоз деген диагноз қояды. Сирек кездесетін бұл дертпен Қазақстанда 45 бала ауырады. Кішкентай Райянға тез арада жілік майын ауыстыру қажет болды. «Сонда ғана ем нәтижелі болады», - дейді дәрігерлер. Райян бұл аурумен ауырған еліміздегі алғашқы бала. Күрделі операцияны да бірінші болып басынан өткізді.

Айгүл Олжабаева, Райян Қалдыбаевтың анасы:

- Бастапқы сәтте бізге көмекті біз Инстаграм желісінен сұрадық . Себебі қаражат өте үлкен болып есептелді. Ол операцияға және реабилитациялық кезеңге бөлек ақша керек болды. Инстаграм желісінен жәрдем сұрағанымызды тоқтаттық. Себебі, Аружан Саиннің қоры бізге қалған қаражатымызды төлеуге көмектесеміз дегендіктен. Біздің баламызда өте сирек кезедесітн ауру болғандықтан және де бізде төлқұжатымыз болды. Бұл баланы Қазақстан мемлекетінде операция жасауға келмейтіндігі туралы. Сол себепті олар бізге көмек көрсетті.

«Мейірім» еріктілер қоғамы («ДОМ») «Балаларға өмір сыйла» шарасын жиі өткізеді. Жоба науқас балаларға шетелде емделуге көмектеседі. Айта кететін бір жайт, дерттің Қазақстанда емі болмаған жағдайда ғана қор шетелдік клиниканың есепшотына қаражат аударады.

Аружан Саин, балалар құқығы бойынша уәкілетті өкіл:

Осы уақыт аралығында үш жарым миллиард теңге жиналды. Бұл қаражаттың көмегімен 1800 бала дертінен айықты. Біздің басты мақсатымыз Қазақстанның медицинасына озық технологияларды енгізу. Дәрігерлерімізге қажетті біліктілікті меңгеріп, еліміздегі науқастарға көмектесуіне мүмкіндік жасау.

Қордың «Аутизмді жеңеміз» жобасы 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жоба кішкентай сәбилерге арналған. Мамандардың айтуынша, ерте жастан бастап дертпен күресті бастаса, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Соңғы екі жылда білікті мамандар мен ата-аналардың еңбегінің арқасында 9 бала мектепке барған. Орталықтың талабы бойынша балалар ата-анасымен бірге жаттығады. Олар спортпен айналысып, музыкалық аспаптарда ойнап, театрлық қойылымдар қояды.

Мадина Кенжеғұлова, орталық маманы:

Мен бұл орталықта жұмыс жасаймын. Өйткені менің балам осы орталықта сабақ алады. Былтыр 20 бала келді бізге. Соның ішіндегі 11 баланың қазір тілі пайда болды. Көбісі сөйлеп бастады. Бір жылдың ішінде, жарты жылдың ішінде баланың диагнозы мүлде жойылып кетуі мүмкін. Ондай біздің тәжірибемізде бар.

Орталық мамандары дімкәс балалардың қоғамға тез бейімделу үшін көп күш жұмсайды. «Ал, ондай «ерекше балаларды» қоршаған орта түсініп, қабылдаса ортақ мақсатқа қол жеткізгеніміз», - дейді қор өкілдері. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов, Эдуард Кон

 

Хабар 24 телеарнасы