387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық оқушы күзгі демалыс кезінде орталық саябақты қоқыстан тазалап шыққан

  • 102
  • UPD: 17:16, 08.11.2019

Тараздық оқушы Абылайхан Қуантайдың еңбегіне ел сүйсінуде.

Жас жеткіншек күзгі демалыс кезінде қолына сыпыртқы алып, орталық саябақты қоқыстан тазалап шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін оның суреті әлеуметтік желілерге кең тарап кетті. Әдетте компьютер мен қалта телефонынан босамайтын оқушыға көзі үйренген жұрт бұл еңбекқорлыққа шынайы ризашылықтарын білдірді. Ал Абылайханның өзі бұған аң-таң. Ол үйде бос отырғанша елге қолғабыс етуді бұрыннан бойына сіңіріп өскен бала болып шықты. Ұстаздарының айтуынша, оқушы өте елгезек әрі оқуда үздік екен. Көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан ол футбол үйірмесіне қатысып, сурет салғанды ұнатады.

Абылайхан Қуантай, №23 мектеп оқушысы:  

- Демалыс күндері мен үйді және далада тазалаймын. Сондықтан мен өз шешімімді қабылдадым. Мен аула тазалаған кезде үлкен әпкелерді көремін, сондықтан мен соларға көмектесіп, еңбек еттім.

Ардақ Рысбаева, №23 мектеп директоры:

- Оның еңбексүйгіштігін білдіреді. Өзінің қалаға деген, өзінің туған жеріне деген, ортаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін көрсетеді. Сондықтан әрбір оқушыға Абылайдан үлгі алуға болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы