388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы ортақ мәліметтер базасы жасақталуда

  • 81
  • UPD: 15:21, 08.11.2019
Еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы ортақ мәліметтер базасы жасақталуда

Ұлт пен ұлыс өкілдерінің еліміздің дамуына, оның өркендеуіне қосқан үлестері ескерусіз қалмауы тиіс.

Осымақсатта «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты бастамасымен өңірлерде сұхбат алаңдары өткізілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай жиын Шымкент қаласында да ұйымдастырылды. Оған жоғары оқу орындарының ғалымдары, тарихшылар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Олар егемендік жылдары ірі мегаполиске айналған шаһардың экономикасы мен мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне, ғылыми және спорттық жетістіктеріне үлес қосқан азаматтар туралы өз білетіндерін ортаға салды. Мұндай тұлғалар жайлы деректер қазір бірыңғай мәліметтер базасына енгізіліп жатыр. Ендігі міндет – олардың еңбектерін архивтерден, ақпарат құралдарында жарияланған материалдардан іздеп тауып, оларға талдау жасау.

Гүлжан Сүгірбаева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті:

- Бұл біздің өңірімізге, жасөспірімдерімізге үлкен сабақтастықты көрсетеді. Және де тарихқа қосқан үлесі ғой. Біз көбіне ХІХ ғасырдағы адамдарды көп білеміз. Ал біздің замандастар туралы мәліметтер көп емес. Сондықтан оны толықтыру, мәліметтер базасын құру.

 

Хабар 24 телеарнасы