387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәурен Абаев «Nur Otan» партиясының қабылдауында тұрғындармен кездесті

  • 106
  • UPD: 16:18, 08.11.2019

Мемлекеттік орган басшылары жиі азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдауы өте маңызды.

Бүгін «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді. Қоғамдық қабылдауға онлайн режимде қосылғандар да болды. Мәселен, Шара Нақыпова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бірге» жобасын дамыту мәселесін көтерсе, Жанна Есенғарина телевизия саласын дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Арасында министрліктің құзыретінен тыс сауалдар да болды. Министр барлық сауалдарға жауап беріп, әр азаматқа қал-қадірінше қолдау көрсетілетінін айтты. Азаматтардың өтініш-тілек һәм мәселелері сан алуан. Арасында «Отау ТВ» спутник желісіне «Dombyra» телеарнасын қосуды өтінгендер де бар.

Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Мысалы «Отау ТВ» қазір жүзге жуық канал бар. Соның 30-ы төлем жасамайды. Қалғандары ақшасын төлеп қосылады. Бұл кісілер сол 30-ға кіргісі келеді. Бірақ бұны комиссия шешеді. Ал біз қолдауға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы