387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер». Таразда жыл соңына дейін 7 көп қабатты үй салынады

  • 131
  • UPD: 15:29, 08.11.2019
«Нұрлы жер». Таразда жыл соңына дейін 7 көп қабатты үй салынады

Таразда жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп қабатты 7 тұрғын үй салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, 420 отбасы қоныс тойын тойлайды. Олардың ішінде көп балалы, тұрмысы төмен жанұялар, мүгедектер, бюджеттік мекеме қызметкерлері мен жетім балалар бар. Ал 15-шағынауданда 10 мыңнан астам отбасына арналған 280 тұрғын үй салу жоспарда. Қазірдің өзінде 19 нысан салынып ел игілігіне берілген. Көп балалы отбасылар үшін жыл соңына дейін 250 пәтерлік 8 үйді аяқтау жоспарланып отыр. Жер үй саламын деген азаматтар үшін арнайы аумақтарға инфрақұрылымдық жүйелер тартылып жатыр.

Қайрат Досаев, қала әкімі:

- Жеке тұрғын үй жүргізу үшін жер телімін алуға 72250 азамат кезекте тұр. Қала бойынша жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімін беру үшін 4 алаң дайындап отырмыз. Бұл жерде 932 гектар белгілеп отырмыз, соның ішінен шығатыны 3752 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы