388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда полицейлері алаяқ келіншекке халықаралық іздеу жариялады

  • 107
  • UPD: 16:16, 08.11.2019
Елорда полицейлері алаяқ келіншекке халықаралық іздеу жариялады

ПД Криминалдық полиция басқармасы аса ауыр қылмыс – ірі көлемде алаяқтық жасаған Мадина Сарсенова халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы аса ауыр қылмыс – ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 1982 жылы туған Сарсенова Мадина Мырзабекқызына халықаралық іздеу жариялады.

Қандай да бір ақпарат болса Нұр-Сұлтан қаласының ПД-ға (Бейбітшілік көшесі, 19) немесе 8(7172) 71-60-10, 71-60-22 телефондарға хабарласуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы