387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біржан Нұрымбетов павлодарлық кәсіпкерлермен кездесті

  • 132
  • UPD: 16:31, 08.11.2019
Біржан Нұрымбетов павлодарлық кәсіпкерлермен кездесті

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.

Сондай-ақ министрліктің басшысы қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығы мен жұмыспен қамту орталығында болды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Біржан Нұрымбетов Павлодарға келгеннен кейін бірден «Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығына барды.

«Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтер мен оңалту объектілерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады. Бұл техникалық оңалту құралдарын және арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың бизнес-процестерінің уақытын оларды проактивті форматта тағайындау арқылы 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартады. Портал сонымен қатар оңалту қызметтері мен құралдарының алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, өйткені мүгедектер тауарлар мен қызметтердің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады», – деді Біржан Нұрымбетов.

Биыл микрокредит беруге 83 миллиард теңге және гранттар үшін 18 миллиард теңге бөлінді.

«Біздің бағалауымыз бойынша 20 мың адам микрокредит алуы керек, ал біз 38 мың адамға грант бергіміз келеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы барлық өңірлерде іске асырылуда, бірақ мен Павлодар облысы гранттар мен микрокредиттер беру бойынша алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі болып саналатынын атап өткім келеді. Мұнда жылдық жоспар орындалды. Бұл тиісті қызметтер түсіндіру жұмысын дұрыс жүргізілгенін, адамдар бұл құралдар туралы хабардар болып, өз бизнестерін дамытады дегенді білдіреді. Бұл халық кірісінің өсуіне әкелуі керек», – деді Біржан Нұрымбетов.

Өз сөзінде Павлодар маңындағы ауылдардың бірінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланудың жақсы үлгісі бар екендігін айтап өтті.

«Бүгін мен шамамен 5 миллион теңге микрокредитке 9 сиыр сатып алып, қазір бизнесін кеңейтіп жатқан жеке кәсіпкермен сөйлестім, ол жер сатып алғысы келеді. Ол жұмысшыларды жалдауды жоспарлап отыр, олар оның тұрақты табысы жоқ ауылдастары болады. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушының өз ісін дамытып, басқаларға жұмыс ұсынуының жарқын мысалы. Мен жұмыссыздарды мемлекет беретін мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Әр адам бизнес бастай алады», - деді ол.

Павлодардағы жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Біржан Нұрымбетовке «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарының орындалу барысы туралы хабарлады. Олардың ақпараты бойынша, үстіміздегі жылдың 10 айында жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларымен 10 179 азамат қамтылды, оның ішінде 6685 адам тұрақты жұмыс орындарына, 337 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 290 жас азамат жастар практикасы және 656 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Сонымен қатар Мемлекеттік бағдарламаның 1925 қатысушысы оқуға жіберілді, оның ішінде 358 адам ТжКБ-да, 1195 адам қысқа мерзімді курстарда, 372 адам «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқиы.

354,1 млн теңге сомасына 34 шағын несие және 183 грант берілді. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағдарламасы бойынша қалаға 34 қандастар және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен  отбасы келген.

Хабар 24 телеарнасы