388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда судья пара алғаны үшін сотталды

  • 88
  • UPD: 17:57, 08.11.2019
Алматыда судья пара алғаны үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әбілқайыр мен сол соттың хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Әбілқайыр жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауы үшін делдал Рақышов арқылы алдын-ала келісілген 10 мың доллардың 3 мың долларынт пара ретінде алды деп күдікке ілінді.

Бұл факті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықталды.

Биыл 8 қарашада Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Әбілқайыр 45 459 600 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

Осы үкіммен Рақышовқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы