388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде техникалық байқау операторлары жалған құжат жасаумен айналысқан

  • 94
  • UPD: 21:23, 08.11.2019

Соңғы 6 айда елімізде техникалық байқау операторларына қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған. Олар көліктерді тексеру барысында жалған құжат жасап, алаяқтықпен айналысты деп айыпталып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Көлік комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді.

Данияр Қоспабаевтың айтуынша, бұдан бөлек тағы 100-ден астам заң бұзу деректері тіркелген. Еске салайық, қазір Қазақстан аумағында көліктерді техникалық байқаудан өткізуге 600-ден астам операторға рұқсат етілген. Олардың қарамағында 1500-ден астам техникалық орталық жұмыс істейді.    

Данияр Қоспабаев, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары: 

-  Жыл сайын 2 миллионнан астам көлік иесіне техникалық байқаудан өту ұсынылады. Алайда олардың 1 миллион 800 мыңы ғана тексеруден өтеді. Яғни көлік иелерінің 5 проценті техникалық байқауға жүгінбейді. 2012 жылдан бері мұндай көліктер азайып келеді. Оған техникалық орталық ашуды жеңілдету, құжаттарды азайту, шағын және орта бизнеске қатысты бақылау шараларын қысқарту сияқты қадамдар әсер етті.

Хабар 24 телеарнасы