389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық дәрігерлер сәбилер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға кірісті

  • 66
  • UPD: 21:20, 08.11.2019
Павлодарлық дәрігерлер сәбилер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға кірісті

Павлодарда дәрігерлер балалар үшін  қауіпсіз орта қалыптастыруға мықтап кірісті.  Арнайы жоба «Патронажды медбике» деп аталады.

Соның аясында медицина қызметкері жүкті ана немесе жас баласы бар үйге тұрақты келіп тұрады. Мұны баламен жұмыс істеудің жаңа үлгісі десе де болады. Өйткені тың жоба аясында балалардың қандай ортада тәрбиеленіп жатқаны, ата-ананың әлеуметтік жағдайы анықталады. Алғаш болып, «Патронажды медбике» жобасын №4 қалалық емхана енгізген. Көп ұзамай бұл тәжірибе өзге де емдеу мекемелеріне де енгізіледі.  

Рауя Төлебаева, жобаның жаттықтырушы:

- Бала пайда болған күннен  бастап үш жасқа дейінгі өмірі сыни кезеңге жатады. Осы уақытта сәбидің денсаулығына ғана емес жүйке жүйесінің қалыпты дамып, жетілуіне баса мән берген абзал. Сәбилерді отбасындағы қатігездіктен сақтауымыз керек. Ата-ананың мейірім, шуағына бөленген  бала ақылды, дені сау болып өседі. 

Тәнзилә Байжұманова, қала тұрғыны:

- Олар жаңа туған балаға бір ай бойы келіп тұрады. Қалай тамақтандыруды, күтуді баламен ойнауға дейін  үйретеді.++Мен медбикеден көп нәрсені үйрендім. Ол бізге үнемі келіп тұрды. Телефон шалып,  қал-жағдайымызды біліп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы