386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде мемлекет бағдарламасы бойынша салынған үйлер қаңырап бос тұр

  • 122
  • UPD: 21:43, 08.11.2019

Өскеменде мемлекеттік  бағдарлама бойынша бой көтерген 40-тан астам үй қаңырап бос тұр. Неше жылдан бері адам тұрмаған пәтерлердің алды тоналып,  сау-тамтығы қалмай барады.  Кезінде бұл құрылысқа мемлекет 200 миллион теңге жұмсаған. Қазына қаражаты құйылған тұрғын үйлер енді неге қараусыз қалды? 

22-ші ықшам ауданға алғаш қоныстанғандардың бірі Түсіпхан Қоңырбаев. Зейнеткердің айтуынша, соңғы кезде иен тұрған үйлер бұзылып, құрылыс материалдары шашылып,бұл ықшам аудан күл-қоқыс алаңына айнала бастапты. Маңайдағы қаңыраған ғимарттарға қарап «ішім удай ашиды» дейді қария. 

Түсіпхан Қоңырбаев, 22-ықшам аудан тұрғыны:

- Мұнда 70-80 үй тұр, енді 70-80 семья жастар кеп кірсе жаман ба, ауылдан келген жастардың көбі квартира жалдап көбі тұра алмай жүр, мынаның бәрін дұрыстап салып берсе халыққа кішкене көмек қой.

Тым тәуір үйлердің жаңбыр мен қар астында шіріп жатқаны бұндағы тұрғындардың барлығын да алаңдатып жүр. Олар бұған құйылған қаражатттың далаға кеткеніне ашынады. 

Нұрипа Қоңырбаева зейнеткер:

- Әй жеп кетті ғой деймін біреулер, біреудің қалтасында кетті, басқа қалай айтам.

Далаға кеткен қаражаттың есебінен құрылыс бөлімі хабардар. Есік-терезесі үңірейіп, ештеңеге жарамай қалған 43 нысанның құрылысы үшін 190 миллион 730 мың теңге бөлініпті. Жоба 2008-2010 жылдарға арналған  тұрғын үй  бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.Алайда мердгер компания кестеге сай жұмысты орындай алмаған.Мәселенің бәрі осы жерден басталады.Құрылыс бөлімі ол компанияның үстінен сотқа арыз түсіреді. 

Мадияр Абылханов, қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Кестеге сай жұмысты орындамаған,кестеге сай орындалмағандықтан арызданып, шағымданғанбыз. Соттың шешімімен келісім-шарт бұзылды. «Кировский РМЗ» бізге, мемлекеттік мекемеге заңды түрде объектілердің консервациясын жасап, тапсырып беру керек еді, ол орындаушыларының құзыіретінде әлі. Бізге әлі консервацияланып заңды түрде берілген жоқ әлі.

Сөйтіп, жауапты мамандар әлі сот шешімінің орындалуын күтумен жүр. Қашан бұл дауға «заңды түрде» нүкте қойылары белгісіз. Бірақ  сала басшылары аталған үйлердің құрылысын ары қарай жалғастырып, толық аяқтауды жоспарлап отыр. Ол үшін тіпті сметалық жобалық құжаттамалар да әзірлеп жатыр екен. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Үйлердің кейпі міне осындай.Жергілікті әкімдік қайта қалпына келтіріп, жөндегенше шыдай ма жоқ па белгісіз.Қазірдің өзінде қаусап әрең тұр. Айта кету керек, Өскеменде үй кезегінде 11 284 адам тұр.

Бұл ықшам ауданда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тағы 80-ге жуық үй бар. Онда тұрғындар тұрып жатыр. Көпшілігі мемлекеттік қызметкерлер. Алайда аудан  инфрақұрылымнан жұрдай деуге болады. Жолы ми батпақ. Қоғамдық көлік кірмейді. Жергілікті жұртты осы әбден қажытыпты. 

Мұрат Дәлелхан, 22-ықшам аудан тұрғыны:

- Мен көршілерге жоғарыға барып,әкімдерге айтамыз десем,олардың кейбірі енді шынын айтады. жігіт әй, болмайды ғой бұлай, біз үкіметтік жұмыс істеп жүрміз, ертең ізге арыз қылады ғой дейді, сонымен ешкім сөйлемейді, сөйтіп қалады. 

Айгүл Қалиақпарова, 22-ықшам аудан тұрғыны:

- Бұл жерде мектеп те болады, деді,балабақша да  болады деді, кіргеніміз кірдік әрине бергеніне рахмет.

Жарық, жол сынды қажеттіліктермен қамтамасыз етеміз дейді әкімдікітегілер. Тек келесі жылы. Ол үшін қаржылық өтінім беріліпті. Осылайша әкім қаралар «алдымен жер телімін беріп, содан соң ғана инфрақұрылыммен айналысатын» ескі әдеттерінен айнымай келеді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы