388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы орналасқан үйге ескерткіш тақта орнатылды

  • 76
  • UPD: 21:53, 08.11.2019
Алматыда кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы орналасқан үйге ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің» 100 жылдығына орай кезінде редакция орналасқан үйге мемориалдық тақта орнатылды.

Салтанатты рәсімге ақын-жазушылар, ардагер журналистер қатысты. Газет тарихы 1919 жылдың 17 желтоқсанынан басталады. Мерзімді басылым әуелі «Ұшқын» деген атпен шыққан. Кейін газеттің атауы бес рет өзгерді. Алғашқы жылдары бұл басылымды Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сынды Алаш арыстары басқарды. Өкініштісі, газетке басшылық еткен 18 азаматтың 15-сі репрессия жылдары атылып кеткен. 1991 жылы «Егеменді Қазақстан» деп аталды. Ал 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап «-ді» жұрнағы алынып, содан бері «Егемен Қазақстан» атауымен шығып келеді.  

Аян Нысанәлі, ардагер журналист:

- Ғасыр жасағанда бұның аты бірнеше рет өзгерсе де заты өзгерген жоқ. Өйткені халықтың өмірінің эпопеясын іздесе осы газеттен табатын болу керек деп ойлаймын.

Мамадияр Жақып, ардагер журналист:

- Журналистердің үлкен қауымы осы жерден тәрбиеленіп өсіп, еліміздің басқа басылымдарына басшылық етті. Сондықтан Егеменнің тарихын бүкіл Қазақстан баспасөзінің тарихымен ұштастыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы