387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылшаға қарсы екпе алуды ұмытпаңыз...

  • 107
Қызылшаға қарсы екпе алуды ұмытпаңыз...

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының 37 жастағы тұрғынынан қызылша дертінің белгілері анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орал қаласында уақытша тұрып келген ол қазір тиісті ем алып жатыр. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста аталған дертке шалдығудың 120 оқиғасы тіркелген. Мамандардың айтуынша, қызылша мен қызамық дертіне көбіне вакцина алмаған 20-29 жас аралығындағы тұрғындар көбірек шалдығады екен. Иммундау шаралары басталғаннан бері өңірде 40 мыңдай адамға екпе жасалыпты.   

Әдемі Хасанова, ТҚСҚБ департаменті баспасөз қызметінің бас маманы:

– Қызылша ауруына қарсы ем жоқ. Оның алдын алудың шарасы тек қана вакцинация. Сондықтан өздеріңіз тіркелген емханаларға барып, тегін екпе ала аласыздар. Бұл тұмау ауруына ұқсас, сондықтан көп адамдар шатысуы мүмкін. Қызылшаның негізгі белгісі ол бөртпелердің пайда болуы және дененің басынан бастап аяғына дейін шығады.

Хабар 24 телеарнасы